«Басты міндет-адам қауіпсіздігі»: Қарағандыда жаңадан ашылған полиция пункті жұмысын бастады.
Қарағанды қаласында жаңадан ашылған учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов және қала, облыс маслихатының депутаттары қатысты.
Іс-шара барысында билік өкілдеріне Департамент бастығының бірінші орынбасары учаскелік полиция пунктінің ерекшеліктерін атап, өтіп олардың жұмысымен таныстырды. -Учаскелік полиция пункті облыс әкімінің қолдауымен, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестік Концепцииясының негізінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жердегі қызметкерлердің негізгі жұмыстарының бірі халықпен етене тығыз полицияның сервистік жүйесі негізінде жұмыс жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр. Басты міндет-адам қауіпсіздігі,-деп атап өтті полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов. Сондай-ақ, Департамент бастығының бірінші орынбасары өз сөзінде учаскелік полиция инспекторларының қызмет барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстап, халық арасында «нөлдік төзімділік» бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыратынын атап өтті.
Учаскелік полиция пунктіндегі қызметкерлерге өздері қадағалайтын аумақта халықпен ақпарат алмаса жұмыс жүргізіп, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарға жол бермей азаматтармен құқық қорғау органының бірлескен жұмыстарының үлгісін көрсету бағытында міндеттер жүктеді. Айта кету керек, жаңадан ашылған учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысын цифрландыру, қызметтік планшеттеріне өздері қадағалау жасайтын аумақтарда орналасқан бейнебақылау камераларына қадағалау жасауда енгізу бойынша жұмыстар пысықталуда. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын тәртіп сақшыларына әрқашан билік өкілдері тарапынан полицияның материалдық-техникалық базасын жаңартуға көмек көрсетілетінін, биылғы жылы 19 учаскелік полиция пунктінің күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті.