
Қарағанды облысы Көші-қон басқармасы мен және оның аумақтық бөлімшелерімен облыс аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлғалардың санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Анықтама: Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемесі жоқ адамдар, азаматтығы жоқ адамдар болып танылады. Тиісті құжатпен құжатталған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және көші-қон қызметінің қызметін реттейтін басқа да құқықтық актілерге сәйкес, Қазақстан азаматтығын алудың бірнеше нұсқасы қарастырылғанын ескертеміз. Сонымен, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1. Заңды түрде кемінде бес жыл немесе некеде Қазақстан Республикасның азаматымен кемінде үш жыл тұрған;
-Қазақстан Ресупубликасына тұрақты тұру мақсатында келген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстарының бірі: баласы (оның ішінде асырап алғаны), жолдасы (жұбайы), ата-анасы бірі (асырап алушылар), әпкесі, ағасы атасы немесе әжесі, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, олардың Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан;
2.«Қандас» мәртебесіне ие, Қазақстан Республикасында заңды тұрақты тұратын мерзіміне қарамастан;
3. Қазақстан Республикасының азаматымен заңды некеде тұратын әйелдер.
Қосымша ақпарат алу үшін, Қарағанды облысы полиция Департаментінің Көші-қон басқармасына (Қарағанды қ. Ермеков көшесі, 118, тел. 442015, 407154) немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуды ұсынамыз