
Қарағандыдағы сауда үйінің күзетшісінен ұялы телефонмен құжаттарын ұрлап әкеткен күдікті ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушінің арызынан белгілі болғандай, ол қаладағы сауда үйлерінің бірінде күзетші болып жұмыс істейді. Кезекшілікке түсу барысында жәбірленуші ұялы телефонымен құжаттарын жұмыс орынындағы үстелге қойып қойған. Кейін, біреумен сөйлесіп тұрғанда белгісіз біреу оның құжаттыры мен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.