Теміртау қаласының полицейлері ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады

Теміртау қаласының полицейлері ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады

Теміртау қаласының полицейлері ашық тонау жасаған күдіктіні ұстады.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне қаладағы шағын аудандардың бірінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Қылмыс болған жерге келген тәртіп сақшыларына 43 жастағы жәбірленуші кешкілік уақытта жұмысынан үйіне келе жатқанда Кеншілер даңғылының бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында алдынан бір белгісіз азамат шығып, жәбірленуші жерге құлатып, қолындағы ұялы телефонын, сондай-ақ сырт киімінің қалтасына қолын салып, ішінде ақшасы бар әмиянын тартып әкеткенін айтты. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына күдіктінің түр-түсі туралы есінде бар ақпаратты берді. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.