
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
22-25 қаңтар аралығында облыс аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Бұл іс-шара қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыруға, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтауға және заңсыз жолаушылар тасымалдарының жолын кесуге бағытталған. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.