Қарағанды облысының полицейлері киік сойып алған браконьерді ұстады

Қарағанды облысының полицейлері киік сойып алған браконьерді ұстады

Қарағанды облысының полицейлері киік сойып алған браконьерді ұстады.
16 қаңтар күні Қарағанды облысы Полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері «Аңшылық Крафтметиз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорықшыларымен бірлесіп заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді. Сағат кешкі сағат 21.00 шамасында полиция қызметкерлері «Жезқазған-Қарағанды» тас жолының бойында жол шетіне тамған қан іздерін көріп, онымен жүріп отырып сол маңға жақын ауылға келген. Жол шетіне тамған қан және көлік ізі полицейлерді ауылдың 65 жастағы тұрғынының үйіне әкелген. Полиция қызметкерлерімен үй иесіне тиесілі үйге жапсарлас орналасқан қораны тексеру барысында киік еті тәркіленді. Күдіктінің айтуы бойынша ол жол бойынан әлсіреп қалған киікті көріп, қалтасындағы пышағымен сойып алғанын мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.