
Қарағанды облысының учаскелік полиция инспекторы ақтүтек боранда жоғалып кеткен бір отар қойды тапты. 17 қаңтар күні Қарағанды облысы, Нұра ауданы Соналы ауылында өткен халықмпен кездесу барысында ауыл тұрғынының бірі учаскелік полиция инспектор Рүстем Исабековке алғысын білдірді. Полиция қызметкері ауыл тұрғынына жоғалып кеткен 200 бас қойын тауып берген.
Кәсіпкердің бір отар қойы, ауа –райының күрт өзгеріп, кенеттен соққан ақтүтек боран кезінде жоғалып кеткені белгілі болды. Алдымен иесі малдарын өзі іздеп, іздеу жұмыстарынан нәтиже болмағандықтан учаскелік полиция инспекторына айтқан. Тәртіп сақшысы оқиғаның мән-жайынан хабар алсымен, ауыл тұрғындарынан бірнеше топ құрып, үш айрошанасымен іздеуге кіріскен. Сол күні кешкілік тәртіп сақшысы жоғалған малдарды ауылдан 25 шақырым жерден тапты. Сауатты жүргізілген іздеудің нәтижесінде жоғалған малдар иесіне қайтарылды