Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркілеген 3 келіге жуық «синтетикалық» есірткіні жойды

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркілеген 3 келіге жуық «синтетикалық» есірткіні жойды

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаушыдан тәркілеген 3 келіге жуық «синтетикалық» есірткіні жойды. Былтырғы жылдың 12-ші қазанында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Алматы-Екатеринбург» тас жолында есірткі сақтау күдігімен 35 жастағы азаматшаның басқаруындағы автокөлік ұсталған. Полиция қызметкерлерімен көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында ішінде ұнтақ тәрізді заттары бар полимерлік пакет анықталған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2 келі 743 гр. есірткі заты екені белгілі болды. Сондай-ақ, қарағандылық тәртіп сақшылары күдіктінің Астана қаласындағы пәтеріне тінту жұмыстарын жүргізу барысында ол жерден ерекше иісі бар ақ түсті 282 гр. ұнтақ тәрізді заттарды анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл заттардың «синтетикалық» есірткі екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу облыстық Полиция департаментіне қарасты Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына жүктелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс бойынша қаулының шешіміне сәйкес есірткі тасымалдаушыдан тәркіленген есірткі заттары жағу арқылы жойылды.