ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 25 курсанты Қарағанды облысы полиция департаментінің қатарын толықтырды

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 25 курсанты Қарағанды облысы полиция департаментінің қатарын толықтырды

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 25 курсанты Қарағанды облысы полиция департаментінің қатарын толықтырды. Қарағанды облысының полиция бөліністері жаңа кадрларды қабылдады: облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Санжар Адиловтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 25 курсанты оның ішінде 17 курсант тергеуші, 8-і криминалист болып тағайындалды.
Оқу кезінде олардың барлығы облыстың ПД-де тағылымдамадан өткен болатын, сондықтан да олар алдағы жұмысы туралы жақсы біледі. Сонымен қатар жас мамандардың әрқайсысына ең тәжірибелі және кәсіби дайындығы бар қызметкерлердің арасынан тәлімгерлер тағайындалды.
Толықтыруда облыстың ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абзал Саурамбеков сөз сөйледі. – Бүгін сіздер тергеу және криминалистикалық бөлімшелердің қатарына қосылдыңыздар. Күнделікті жұмыста сіздер барлық алған білімдеріңіз бен дағдыларыңызды көрсетіп, берілген нұсқауларды сапалы және уақытылы орындауларыңыз қажет.
Әрқайсыңыз өздеріңізге жүктелген қызметтік міндетті кәсіби түрде жауапкершілікті кәсіби түрде сезінулеріңіз қажет. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында атқаратын қызметте Сіздерге зор денсаулық, табыс, шыдамдылық, еңбекке адалдықпен қарауларыңызды тілеймін! – деп атап өтті. Дүйсенбі күні жас мамандар полиция бөлімшелерінің орналасқан жерлерінде қызметке кірісті. Аумақтық бөлімшелердің басшылары тағайындалғандардың әрқайсысымен әңгіме жүргізді.