Қарағандыда зейнеткердің 3.5 миллион ақшасын қолды қылған күдікті ұсталды

Қарағандыда зейнеткердің 3.5 миллион ақшасын қолды қылған күдікті ұсталды

Қарағандыда зейнеткердің 3.5 миллион ақшасын қолды қылған күдікті ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 72 жастағы зейнеткер арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, белгісіз біреу оның есеп шотынан 3.5 миллион ақшасын ұрлап алған.Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері зейнеткердің ақша картасын 48 жастағы азаматшаның пайдаланып жүретінін анықтады. Ол азаматша үш жыл көлемінде жәбірленуші зейнеткердің ассуын жайындап, үйін жинап, дүкеннен азық –түлігін әкеліп отырған. Сол уақыт аралықтарында азаматша зейнеткердің банк картасынан жасырын түрде ақша шешіп отырған. Зейнеткер өзіне банк картасы қажет болғанда картаның көмекшіде болғанын анықтаған. Сол кезде жәбірленуші азамат, азаматшаның үш жарым миллион теңгені қолды қылғанын сезген.
Тәртіп сақшыларымен күдікті азаматша ұсталып, ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшаны қолды қылғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.