Қарағанды қаласының полицейлері мекемеден ұрлық жасамақ болған ер адамды ұстады

Қарағанды қаласының полицейлері мекемеден ұрлық жасамақ болған ер адамды ұстады

Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ 37-жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Жәбірленуші жеке кәсіпкер әрі өзінін шағын жиһаз шығаратын кәсіпорыны бар. Белгісіз біреу, түнгі уақытта терезені сындыру арқылы өндіру цехіне кіріп лазерлік рулетканы ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 50 мың теңгені құрайды. Жедел-ісдестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 37- жастағы күдікті Теміртау қаласының тұрғының ұстады. Ұрлық жасамас бұрын қаскүнем тұтынушы ретінде кәсіпорында болғаны анықталды. Сол кезде алдын ала қылмыс жасау жоспарын белгіліп қойған. Ұрланған лазерлік рулетканы сатпақ болып, бірақ үлгермей қалған. Заттай дәлелдеме тәркіленді. ҚР ҚР 188 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілуде.