
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының ПБ-ға Қарағандының 34 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол жөндеу жұмыстарымен айналысатынын , ол тек облыс орталығы емес , сонымен қатар , іргелес ауданның ауылдарына да қызмет көрсетінін айтты. Ер адам жүріп-тұру үшін, барлық қажетті құралдар мен жабдықтарын алып жүру үшін КамАЗ жүк көлігін пайдаланады. Бірнеше күн бұрын Бұқар Жырау ауданынан тапсырыс келіп түскен, оны орындау кезінде өзінің жүк көлігі істен шыққан. Көлікті күзетшіге қалдырып, ер адам қажетті қосалқы бөлшектерді алу үшін Қарағандыға барды. Ол жоқ кезде жеңіл машинадағы белгісіз адам сынып тұрған жүк көлігіне келеді. Күзетшіні құртамын деп қорқытып, КамАЗдан төрт аккумуляторды шешіп алады, сонымен қатар темір кесетін , және дәнекерлеу аппаратын алып кетеді. Осыдан кейін қаскөй жасырынып қашып кеткен. Келтірілген залал сомасы 430 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні - көрші ауданның 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады және заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.