Қарағанды облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығынан тоқтауға мәжбүр болған автобустан 16 шетелдікті көшірді

Қарағанды облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығынан тоқтауға мәжбүр болған автобустан 16 шетелдікті көшірді

28 желтоқсанда ауа-райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург тас жолы Теміртау-Астана учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жабық болды. Теміртау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жағдайын бақылау үшін рейдтік іс-шара өткізді Астанаға баратын жол терминалында бірнеше ондаған автокөлік жиналды. Олардың ішінде полиция қызметкерлері салонында Өзбекстан Республикасының 16 азаматы орналасқан Yutong маркалы автобусқа назар аударды. Қалыптасқан жағдайға байланысты шетелдіктерді Теміртауға көшіру туралы шешім қабылданды. Мұнда да полицейлерге қала әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы қолдау көрсетті. Өзбекстанның барлық азаматтары осы мекемеге орналастырылды, онда олар ыстық тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, сол күні және тағы да Алматы-Екатеринбург жолында облыс ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тағы бір төтенше жағдайға тап болды.
Взвод командирі құрамында Д.Сыздықов пен инспектор Г. Тәжібаев бар автопатруль бағыт бойынша жүру кезінде Гүлшат кентінің маңында жол жиегінде тұрған BMW жеңіл автокөлігін байқады. Полиция тоқтап, осы көлікке жақындап, көмек қажет пе деп сұрады. Жүргізуші анасымен бірге Ақтоғай ауданының Тасарал ауылынан Балқашқа бара ажтқанын айтты. Жолда бензин таусылып, тоқтауға тура келген. Полиция көлікті жақын маңдағы жанармай құю бекетіне дейін сүйреп апарып, содан кейін қызметін жалғастырды.