Қазақстанда құқық тәртібі мен қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда

Қазақстанда құқық тәртібі мен қауіпсіздік мәселелері ерекше назарда

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша полиция азаматтармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған қызметтің сервистік үлгісіне көшуде. Жалпы қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді. Мал ұрлығы дерегі 14%-ға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыстың беті ашылып, 112 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді, мал ұрлаған 614 барымташы ұсталды. Қарақшылық 28%-ға, тонау 13%-ға, көшедегі құқық бұзушылықтар 8%-ға төмендеді. Республикада 8,2 млн жол жүрісі қағидасын бұзудың жолы кесілді. 20,5 мың "мас" жүргізуші ұсталды. 22 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Елімізде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1,2 млн-нан астам бейнекамера орнатылған. Олардың көмегімен полицейлер 9,2 мың қылмыстың бетін ашып, 513 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес механизмдері күшейтілді. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданды.