Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
26-30 желтоқсан аралығында Қарағанды облысының аумағында қар түрінде жауын-шашын және желдің 20 м/с-қа дейін күшеюі күтілуде. Осыған байланысты, жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы көлік құралдарының жүргізушілеріне көлік құралын белгіленген шектен аспайтын жылдамдықпен жүргізуді, қозғалыс қарқындылығын, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктері мен жай-күйін, жол және метрологиялық жағдайларды, оның ішінде қозғалыс бағытында көрінуін қатаң түрде ескеруді ұсынады. Жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде мұқият және сақ болыңыз, жол ережелерін қатаң сақтаңыз. Сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығы кезінде алыс сапарлардан бас тартуды, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, ауа-райы жағдайлары туралы және көлік құралдары қозғалысының шектелуі туралы SMS хабарламаларға назар аударуды ұсынамыз. Көлік құралдары бұзылған кезде және көмек қажет болған жағдайда 102 мобильді қосымшасы бойынша немесе ІІО кезекші бөлімдеріне хабарласуға болады.