Қарағанды полицейлері жыл басынан бері борышкерлерден 757 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алды

Қарағанды полицейлері жыл басынан бері борышкерлерден 757 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алды

Қарағанды облысында жазаның бұлтартпау қағидатын орындау мақсатында "Борышкер"жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері прокуратурамен және жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуде.
ЖПІШ-нің екі күнінің қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 217 борышкерге барып, 1 млн 362 мың теңге сомасына 128 түбіртек өндіріп алды. Сондай-ақ олар жұмыс орны бойынша 52 мың теңгеге жуық берешекті өтеген 26 борышкерді аралады. Барлығы 7 млн теңгеден астам сомаға 223 түбіртек өндірілді.
Мәселен, 21 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Chevrole автокөлігінің 47- жастағы жүргізушісін ұстады, оның жалпы сомасы 138 мың теңгеге төленбеген алты ұйғарымы, сондай-ақ Екінші деңгейлі банк алдында 8 млн.теңге мөлшерінде борышы болған. Бұл көлік құралы жеке сот орындаушыларының тұрағына қойылды.
Сол күні кешке Nissan көлігінің 37 жастағы жүргізушісі анықталып ұсталды. Ер адамның 148 мың теңге айыппұл төлемегені белгілі болды. Сонымен қатар, оның 25 млн 468 мың теңге көлемінде басқа да қарыздары болған. Nissan жеке сот орындаушыларының тұрағына қойылды.
- Жыл басынан бері Қарағанды қ.ПБ қызметкерлері 1 млрд 106 млн теңге сомасына айыппұл салу туралы 67032 қаулы шығарды, оның ішінде 757 млн теңгеден астамы өндірілді. Жүргізушілерге айыппұлдарды мобильді қосымшаларда немесе екінші деңгейлі банктердің кассаларында төлеуге болатындығын хабарлағым келеді. Егер қандай да бір себептермен құқық бұзушы айыппұлды 7 тәулік ішінде қысқартылған тәртіппен төлей алмаса, онда оған 30 күн ішінде борыштың толық сомасын өз еркімен өтеуге мүмкіндік беріледі. Өзге жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық материалдары Жеке сот орындаушылар палатасына немесе борышкердің жұмыс орны бойынша мәжбүрлеп орындауға жіберіледі, - деді Қарағанды қаласының ПБ бастығы Шахназар Салин.