Қарағандыда автокөліктен ішінде ұялы телефонымен ақшасы бар қол сөмке ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда автокөліктен ішінде ұялы телефонымен ақшасы бар қол сөмке ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда автокөліктен ішінде ұялы телефонымен ақшасы бар қол сөмке ұрлаған күдікті қолға түсті. Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші жер үйлердің бірінің маңына өзінің Газель автиокөлігін қойып, үйге кіріп кеткен. Кейін, көлігіне қайтып келгенде белгісіз біреу, көлік есігінің ашық болған сәтін пайдаланып, көлікте тұрған ішінде ұялы телефон және ақшасы бар қол сөмкені алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 231 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Күдікті жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Одан айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изолятьорына қамалды.