
Қарағанды облысының полицейлері, облыс тұрғынынан «Синтетикалық» есірткі тәркіледі.
Абай аудандық полиция басқармасы, Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне Саран қаласының тұрғыны есірткі сақтап отыр деген жедел ақпарат түсті. Аталған деректі тексеру, күдіктіні анықтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Абай аудандық полиция қызметкерлері «Арлан» жауынгерлерімен бірлесіп, Саран қаласында 35 жастағы азаматты ұстады. Оған жүргізген тексеріс жұмыстары барысында, одан екі орам есірткі заттарын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2,779 гр. синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.