
Ақылы автотұрақ кассасынан 200 мың теңге ақша ұрлаған күдікті ұсталды.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша, жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстайтыны белгілі болды. Оның айтуынша тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орынынан біршама уақытқа шығып кеткенде, белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты қылмыстық кодекстің 188 бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде