Қарағанды облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған азаматты құтқарып қалды

Қарағанды облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған азаматты құтқарып қалды

Қарағанды облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған азаматты құтқарып қалды. 6 –шы желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Есқанат Базыловтың ұялы телефонына ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғынынан қоңырау түскен. Хабарласқан азаматша күйеуінің ішімдік ішіп алып, үйде жанжал шығарып жатқанын айтқан. Бірнеше минут өткен соң аталған мекен жайға учаскелік полиция инспекторы барған. -Аталған мекен жайдағы жер телімінде дуалмен қоршалған екі үй орналасқан. Оның біреуі тұрғын үй болса, екіншісін құрылыс материалдарын жинайтын шеберхана ретінде пайдаланған. Бір сөзбен айтқанда жұмыс орыны. Жанжал шығарған 45 жастағы азамат өзінің іс-әрекетін теріске шығарған жоқ. Сондықтан мен оған қатысты әкімшілік хаттама толтыру үшін материалдар жаза бастадым. Арада бірнеше уақыт өткенде үй иесі киім ауыстырып келем деген ниетпен үйден шығып кетті. Терезеден оның екінші үй, яғни шеберхана жаққа кіргенін көрдім. Арада 5-6 минут өткенде ерлі-зайыптының 13 жасар қызы жүгіріп келіп, «Әкем асылып қалды» деп айқайлап жіберді. Далаға жүгіріп шығып, шеберханаға кірсем, есіктің тұтқасына асылып тұрғанын көрдім. Онда ешқандай өмір белгілері болмады. Ол есікке бұрағышты қадап, соған жіп байлап асылып қалған. Тамырын ұстасам, ешқандай белгі жоқ. Мойынындағы жіпті босатуға тьалпындым, алайда ол қысылып тұрғандықтан бірден бұрағышты қағып жіберіп, жерге түсірдім. Осыдан кейін, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасадым. Сосын жергілікті жердің дәрігерін шақырып, қызметтік көлкіпен ауруханаға жеткіздім,-деді Есқанат Базылов. Қазіргі уақытта азамат ауруханада жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын қалпыт деп бағалауда. Дәрігерлердің айуынша азамат бірнеше минут клиникалық өлім ауызында болған. Ал, учаскелік инспектор оны өлім ауызынан алып қалды.