Полицейлер Шахтинск қаласының тұрғынынан бір бума марихуана тәркіледі. 24 қарашада Қарағанды облысы, Шахтинск ПБ патрульдік полиция взводының жасағы қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша кезекшілікте болды. Сағат 20:40 шамасында гараждардың бірінің маңында полицейлер жас жігіттің назарын аударды. Қызметтік көлікті көрген ол әлдебір пакетті лақтырып жіберіп, қашпақ болған. Патрульдік полиция қызметкерлері одан да күдікті адамды – Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Оның құтылғысы келетін пакеті де табылды. Тексеру барысында одан ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті зат табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл зат салмағы 1,94 грамм болатын «марихуана» есірткі заты болып табылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.