Қарағандылық тұрғын елді алдап қолды қылған 86 миллионнан астам ақшаны букмекерлік кеңседе ақша тігуге қойып ұтылып қалған

Қарағандылық тұрғын елді алдап қолды қылған 86 миллионнан астам ақшаны букмекерлік кеңседе ақша тігуге қойып ұтылып қалған

Қарағанды облыстық полиция департаментіне Қарағанды қаласы тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші жеке кәсіппен айналысып, компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқаны туралы білген. Бұндай ақпаратты өзін кәсіпкермін деп таныстырған азамат бірнеше жерде жариялаған. Сондықтанда оның ұсынысы жәбірленушіні де қызықтырған. Алайда, тендерге қатысу үшін сатып алушы хабарлама берген адамның есеп-шотына ақша аудару қажет болған. Сондықтан жәбірленуші көрсетілген есеп-шотқа 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін, серіктес байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген, жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. -Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады. Ол, 23 жастағы Қарағанды қаласындағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіден алған ақшаларды күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге саып жіберген,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр. Оңай жолмен келген ақша, күдіктіге опа бермеді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.