
Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне қаланың 77 жастағы тұрғыны жүгінді. Зейнеткер, белгісіз адам оның шотынан 11 млн 450 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлады.
Полиция жұмыс атқару кезінде нұсқалардың бірі- ақшаны жәбірленушіні жақсы білетін адам алу мүмкін деген нұсқаны ұсынды. Белгілі болғандай, ер адамның пәтерінде сол кварталда тұратын екі егде жастағы ханым жиі келіп жүрген. Олар пәтерді тазалап, тамақ дайындап, азық-түлік сатып әкелген. Сонымен қатар, зейнеткер әйелдерге сенгені соншалық, ол көбінесе оларға банктік картасын берген. Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 62 және 70 жастағы екі әйелді ұстады. Олар мойындау көрсетпелерін берді. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.