Қарағандыда ұмытып кеткен ұялы телефонды пайдаланып такси жүргізушісі клиенттің шотынан 400 мың теңгені шешіп алған

Қарағандыда ұмытып кеткен ұялы телефонды пайдаланып  такси жүргізушісі клиенттің шотынан 400 мың теңгені шешіп алған

Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне қала маңындағы кенттердің бірінің 59 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол Қарағанды базарынан сауда жасағанын хабарлады. Ер адам өз үйіне таксимен оралды. Біраз уақыттан кейін өтініш беруші ұялы телефонын іздей бастады және телефонды такси салонында қалдырғанын есіне алды. Көп ұзамай оған банктардың бірінен хабарлама келіп түсті, онда белгісіз адам жәбірленушінің атына 400 мың теңгеге несие рәсімдеді.
Жедел-іздестіру іс – шаралары барысында полицейлер күдіктіні-25 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол клиенттің артта қалған ұялы телефонын тауып алып, оны қайтарудың орнына, материалдық жағдайына пайдаланғануға шешім қабылдағанын түсіндіріп, мойындау көрсетпелерін берді. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.