Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасына 350 мың ақша аударуды талап етіп хат жолдаған

Қарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасына 350 мың ақша аударуды талап етіп хат жолдаған

Қарғанды қаласында полицияға 39 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Ол арызында белгісіз біреу, өзінің 14 жастағы ұлына, 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
-Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел әрекеттер барысында хатты жазған адам анықталды. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты. Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қойу, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту сұрақтары қарастырылуда,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин