Теміртау тұрғынын жоғары оқу орынының магистратурасына оқуға түсіремін деп 750 мың теңгесін қолды қылған ауыл тұрғыны ұсталды

Теміртау тұрғынын жоғары оқу орынының магистратурасына оқуға түсіремін деп 750 мың теңгесін қолды қылған ауыл тұрғыны ұсталды

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші жоғарғы оқу орынының магистратурасына оқуға түсуді армандаған. Осыған орай, ол оқуға түсудің жолдарын іздеген.
Қаладағы сауда орындарының бірінде ол белгісіз азаматпен танысып, танысқан адамы оқу орындарының бірінде танысының барын, қол ақтығын берсе, оқуға түсіріп беретінін айтқан. Кейін, жәбірленуші танысқан адамның сөзіне сеніп, делдалға 750 мың теңге ақшасын берген. Алайда, арада уақыт өтсе де, оқуға түсемін деген ойы арман күйінде қалған. -Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 «Алаяқтық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.