Теміртаулық полицейлер есірткі сатушыдан 300 орам «синтетикалық» есірткі тәркіледі

Теміртаулық полицейлер есірткі сатушыдан 300 орам «синтетикалық» есірткі тәркіледі

Қарағанды облыстық Полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Теміртау қаласында жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы азаматша ұсталды. Тексеріс барысында полиция қызметкерлері одан ерекше иісті, ұнтақ тәрізді 300 орам зат тәркіледі. -Жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 387 гр. екі түрдегі синтетикалық есірткі зат екені анықталды. Ұсталған азаматшадан жауап алу барысында күдікті тәркіленген заттарды интернет-дүкеннен алып, екі ай бойы сатып жүргендігі туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.