
Теміртау полицейлері қалалық Мәслихат өкілдерімен бірлесіп балаларға қаланың қарбалас көшесінде қауіпсіз жүріп тұруы мақсатында "Аққаламен қауіпсіздік сабағын" өткізді.
Баршамызға белгілі, қараңғы мезгілде, жаңбырлы күнде және аз жарықтандырылған көшеде жаяу жүргіншілер жүргізушілерге көрінбей қалып жатады, ал бұл өз кезегінде оларды соғып кетудің басты себебі болып табылады. Егер жаяу жүргіншіге тоқтау үшін 1 қадам жасау керек болса, жүргізушіге 36 метр жүріп өту қажет. Полицейлер мысалда шағылыстыратын элементтердің жұмыс істеу принципін түсіндірді. Жарық қайтаратын фликерлерді пайдалану-бұл қараңғы уақытта жүргізушігі алыстан көрінудің бірден бір амалы.