
Балқаш қалалық полиция бөлімі, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 34 жастағы азамат ұсталды. Оған жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында азаматтан 12 орам ұнтақ тәрізді ерекше иісті зат тәркіледі.
Сондай-ақ, күдіктінің көрсетуімен Балқаш қаласының шетінен скотчпен оралған 30 орам ұнтақ тәрізді зат тәркіленді. Сонымен қатар, ұсталған күдіктінің тұрған үйінен полиция қызметкерлері 44 орам зат тәркіледі. -Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда болған заттар жалпы салмағы 61,22 гр. психотроптық зат екені белгілі болды. Ұсталған азамат психотроптық заттарды жасыру арқылы сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов.