
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне ауданға қарасты аумақтардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 49 жастағы жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына шамалы уақытқа үйінен шығып кеткенде, белгісіз біреулер үйдің терезесін сындырып кіріп,үйінен өзіне тиесілі тонмен алтын жүзігін ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 270 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 34 жастағы қос азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттыр тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.