
Қарағанды облысы, Осакаров аудындық полиция бөліміне 49 жастағы азаматша арызданып, өзімен бірге тұратын 47 жастағы азаматтың ізтүссіз жоғалып кеткендігін хабарлаған. Азамат 24 қазан күні үйінен шығып, осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз болған. -6 қараша күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан тұрғыны анықталып, оның үйіне жапсарлас құрылысты тексеру барысында ізтүссз жоғалып кеткен азаматтың денежарақаттары бар мәйіті табылды. Оқиға орынынан тергеу кезінде қажетті дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 «адам өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.