Қарағанды қаласының тұрғынына пәтер жалға беремін деп алдаған астаналық қолға түсті

Қарағанды қаласының тұрғынына пәтер жалға беремін деп алдаған астаналық қолға түсті

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оқтябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша Астана қаласынан пәтер жалдамақшы болған. Осылайша әлеуметтік желілердің бірінен арзан бағаға пәтер тауып алған. Осыдан кейін жәбірленуші пәтер жалға берушіге 25 мың теңге ақша аударған. Келісілген уақытта жалдамалы пәтерге барған жәбірленуші ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқанын көрген. Олар бұл пәтерді белгісіз біреу жалға бергенін де білмеген. Алданып қалғанын білген жәбірленуші полицияға арызданған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы Астана қаласының тұрғыны ұсталып, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматшаның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.