Теміртау тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатамын деп алаяққа алданып қалды

Теміртау тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатамын деп алаяққа алданып қалды

Теміртау тұрғыны жүргізуші куәлігін жасатамын деп алаяққа алданып қалды.
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына былтырғы жылдың қараша айында белгісіз бір азаматпен танысып, оған жүргізуші куәлігін жасап беруге өтініш жасағанын айтты. Танысқан адам оған өтінішін орындауға сендіріп, алдын ала 130 мың теңге ақша алған. Алайда бір жыл өткеннен кейін ақша алған азаматтан хабар болмаған соң жәбірленуші полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы күдікті ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.