
Қарағанды облысында наубайхана кассасынан ақша ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды.
Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне 61 жастағы ауыл тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша кәсіпкерлікпен айналысып, жеке наубайхана ашқан. Таңертеңгілік уақытта жұмысқа келгенде белгісіз біреу, наубайхананың есігін бұзып кіріп, кассадан 14 мың теңге ақша ұрлап кеткенін көрген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жергілікті жердің тұрғыны ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.