
22 қазан күні Қарағанды облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында, облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекеттеріне нүкте қойды. Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатыстылығы дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмыстары бойынша дәлелдемелер жинақталды. -Қылмыстық топтарды ұстау барысында 21 тінту жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ –дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау бабтарымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.