Ұлттық мереке, Республика күнін облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері сән-салтанатымен атап өтті. Департамент қабырғасында және облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында мерекеге орай іс-шара болып өтті. Алдымен мерекелік шараға жиналғандарды облыстың бас сақшысы құттықтады. -Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Қазанның 25 күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет» деп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті.Еліміздің кемелдену жолында бірлікті ту етіп, адал еңбектің құндылығын биік қоятын Қарағанды сақшылары ұлық мерекенің ұлағатын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау тізгінін жалғастырады деп сенемін,- деді полиция генерал-майоры Санжар Әділов құттықтау сөзінде.
Құттықтау сөзінен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және облыстық ПД бастығының қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрықтары жарияланды. Бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын арнаулы атақтар, төсбелгілер, құрмет грамоталары, алғыс хаттар алды.Мәселен, 5 қызметкерге мерзімінен бұрын арнаулы атақтар берілісе, 3 қызметкер "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалін, 10 қызметкер "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен, 5 қызметкер "Қазақстан полициясына 30 жыл" төсбелгісімен, 1 қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құрмет грамотасымен, 6 қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің грамотасымен, 5 қызметкер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің алғыс хатымен марапатталса, 5 қызметкерге алғыс жарияланды.Сонымен қатар, облыс ПД бастығының бұйрығымен "Қазақстан полициясына 30 жыл" төсбелгісімен 63 қызметкер марапатталса, Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағаттарымен – 5 қызметкер, облыстың ПД-нің грамотасымен 265 қызметкер, облыс ПД-нің алғыс хатымен – 334 қызметкер марапатталды, 46 қызметкерге алғыс жарияланды.Іс-шара Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің шығармашылық ұжымы ұсынған мерекелік бағдарламамен сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетуімен аяқталды. Сахнада елімізге танымал әнші Бауыржан Исаев, Нұрлан Амиров сыңды әншілер көрерменге есті әндерін тарту етті.