
10 қазан күні сағат 18.00 шамасында Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Момышұлы көшесінің бойында күдік тудырған автокөлікті тоқтатқан. Полицияға көліктің күдік тудыруы, автокөлікте мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған. Тәртіп сақшылары темір тұлпарды 41 жастағы азаматтың басқаруында тоқтатты. Артында келе жатқан екінші көлікте 39 жастағы азаматша болған. Олардың ерлі-зайыпты екені белгілі болды.
-Көліктердің құжаттарын тексеру барысында бірінші және екінші көлікте де шанақ нөмірлері құжатпен сәйкес келмеген. Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында ерлі-зайыптылар Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне жеткізіліп, көліктері айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 386 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,-деді Теміртау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Асет Буланбаев.