Қарағанды облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 825 құқық бұзушылығын анықтады

Қарағанды облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 825 құқық бұзушылығын анықтады

Қарағанды облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 825 құқық бұзушылығын анықтады. Қарағанды облыстық Полиция департаменті табитғатты қорғау бөлімінің қызметкерлерімен тоғыз ай ішінде табиғатты қорғау бағытында 208 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу бойынша 825 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. -Оның 23 дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы, яғни заңсыз аң аулау бойынша 3 қылмыстық іс қозғалса, қылмыстық кодекстің 335 бабы заңсыз балық аулаға байланысты 11 қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 340 бабы, яғни заңсыз ағаш кесуге байланысты 6 қылмыстық іс, сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 339 бабы яғни, жойылып кету қауіпі бар жануарларды атуға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, есептік мерзім ішінде полиция қызметкерлерімен 19 мың метр балық аулау ауы, бес автокөлік, бес аңшы мылтығы, 142 ок-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, браконьерлерден заңсыз ауланған бұлан тушасы, 895 келі балық, 5 киік мүйізі тәркіленіп алынды. Киіктердің көбейуі кезінде браконьерлердің киік атпауын анықтау мақсатында «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Нұра ауданының аумағында 28 рейдтік іс-шаралар өткізілді,-деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Сонымен қатар, тәртіп сақшыларымен 802 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382 бабына сәйкес 337 дерек, әкімшілік кодекстің 383 бабына сәйкес 425 дерек анықталы. Құқық бұзушыларға 6 миллион теңгеге айыппұл салынып, оның 5 миллион 500 мың теңгесі өндіріліп алынды.
Мәселен, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды қаласының Күнгей ықшам ауданындағы ағаш екпелерінің жанында және Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе кентінде белгісіз біреулердің қоқыс төккені анықталды. кешенді жедел әрекеттер барысында осы дерекке байланысты 34 жастағы азамат анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344 бабына сәйкес хаттама толтырылды. Айта кету керек, өткен аптада департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Дәулет Досмаковпен заңсыз аң аулаудың алдын алу мақсатында Шет, Ақтоғай, Қарқаралы аудандарына тікұшақпен әуеден рейд жасады. Негізгі мақсат, осы аудандарда болатын заңсыз аң аулаға жол бермеу. Рейд барысында Құрманғали Ысмағұлов жазық далада жүрген көлікті байқап, олардың жанына қонып, не мақсатпен жүргендерін тексерді.