Қарасора өсіру үшін жылыжай салған қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарасора өсіру үшін жылыжай салған қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарасора өсіру үшін жылыжай салған қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қарағанды қаласында белгілі бір азамат жылыжай салып, ол жерде қарасора өсіріп жатқандығы туралы ақпарат түсті. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы ақпаратқа қатысты жер үйде тұратын 50 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат жылыжайды арнайы қарасора өсіру үшін салғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Тәртіп сақшыларымен жылыжайдан 421 түп қарасора, 500 гр. кептірілген марихуана, суару шлангысы, марихуана пайдалану құралын тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.