
Бүгін, Қарағанды облыстық Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Санжар Әділовтің төрағалығымен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында тәуелділік мінез-құлықтың теріс әсерінің алдын алу және ерте анықтау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға "Орталық" өңірлік қолбасшылығы, Төтенше жағдайлар, Қылмыстық атқару жүйесі, Мамандандырылған мемлекеттік күзет басқармасының, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының басшылары, сондай-ақ Полиция департаментінің аумақтық бөліністерінің басшыларымен психолог мамандар қатысты. Дөңгелек үстел барысында тәртіп сақшылары тақырып аясында психолог мамандардың дәрісін тыңдап, бір-бірімен пікір алмасты.