Қарағандыда әжесінің 7 миллионнан астам ақшасын ұрлаған немересі қолға түсті

Қарағандыда әжесінің 7 миллионнан астам ақшасын ұрлаған немересі қолға түсті

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші зейнеткер, белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, 7 миллион 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары екі жағдайға аса мән бірді. Бірінші, үйге кіре беріс есік бұзылмаған болса, екіншіден үй іші шашылмаған жинақы күйде болғаны. Осыдан барып, ұрлықты бұл үйде жиналған ақшаның қай жерде тұрғанын білетін біреу жасады деген болжамға келді. Қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жәбірленуші азаматшаның немересі ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған ақшалар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.