Теміртаулық полицейлер қала тұрғынынан 50 орам психотроптық есірткі заттарын тәркіледі

Теміртаулық полицейлер қала тұрғынынан 50 орам психотроптық есірткі заттарын тәркіледі

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қарағанды қаласындағы саяжайлардың бірінен 23 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды.
Ұсталған азаматқа жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері одан 50 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 29,4 гр. психотроптық зат екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды