Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға өтініш-сауалнаманы көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы не портал арқылы береді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге ниетті адамдар бірінші кезекте «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ретінде тіркеуді ресімдеуі тиіс. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер немесе тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ретінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгеннен кейін олар Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеуге құқылы.
Портал арқылы жүгінген жағдайда электрондық нысанда өтініш-сауалнама толтырылады, осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіледі, олар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама шығады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысына береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөліністің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжаттың нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелдемелі бас тартуды дайындайды және өтініш иесіне Порталда жеке кабинетіне жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тартады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде бір жұмыс күні ішінде әскери есептен құжаттарды (әскери билет не тіркеу куәлігі) тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі.
Оң шешілген жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға әскери құжаттарды (әскери билет не тіркеу куәлігі) тапсыру қажеттілігі туралы хабарлама беріледі.
Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының әскери міндетті азаматтары үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне әскери билетті немесе шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлігін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияға жеке куәлікті не Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсыру үшін жүгінуі тиіс.
Жеке куәлікті немесе Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін тапсырғанын растағаннан кейін сол күні көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алуды, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімді беруді жүзеге асырады.
Портал арқылы жүгінген кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.