Қарағандыда егде жастағы мүгедек адамнан ұялы телефон, ақша және құжаттарын тартып әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағандыда егде жастағы мүгедек адамнан ұялы телефон, ақша және құжаттарын тартып әкеткен күдікті ұсталды.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші белгісіз адам өзіне қатысты тонау жасағанын хабарлады. Оның екінші топтағы мүгедек екені белгілі болды. Таңертеңгілік уақытта ол дүкенге бара жатқанда, белгісіз біреу жол арасындағы ағаштардан шығып, оған күш қолдану арқылы қол сөмкесін, құжаттарымен ұялы телефонын және 200 мың теңге ақшасын тартып әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.