
Жас та болса қарқыны мықты, адымы алшаң, ұстамы жақсы деп дәл осындай қызметкерлер жайында айтылса керек. Өткен жылы ғана тергеу бөлімшесінің табалдырығын аттап, 18 істі сотқа жолдап, оның ішінде 10 ісі ауыр дәрежелі қылмыс болса, осы жылдың басынан бері сегіз қылмыстық істі, оның жетеуі ауыр дәрежелі қылмыстық істі сотқа жолдап үлгерген. Кез келген істе табандылық танытып, істің ағы мен қарасын ажырату тергеушінің басты мақсаты. Полиция лейтенанты Дінислам Төлебаев Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі. Жастайынан полиция қызметкері болуды, тәртіп пен қауіпсіздіктің алдыңғы шебінен табылуды армандаған Дінислам бүгінгі күні Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/tabandylar-ghana-tergeude/