Қарағандыда тонаушылар өтіп бара жатқан адамнан ұялы телефон мен ақша салынған сөмкені тартып алған.

Қарағандыда тонаушылар өтіп бара жатқан адамнан ұялы телефон мен ақша салынған сөмкені тартып алған.

Сағат 22:30 шамасында Қарағанды қаласы полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне Орлов көшесінде тонау орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті және оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.48 жастағы жәбірленуші жұмыстан кейін үйіне келе жатқанда аулада күтпеген жерден екі белгісіз адам шабуыл жасағанын айтты. Тонаушылар жәбірленушіге дене жарақатын салған, ақша және ұялы телефон салынған сөмкені алып, қашып кеткен. Келтірілген шығынның  жалпы сомасы 100 мың теңгені құрайды."Ізін суытпай" полицейлер 27 және 29 жастағы екі күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Олар кінәсін толығымен мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.