
Сәуір айында Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне қаланың 30 жасар тұрғыны хабарласты. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу оның ұялы телефондағы мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы есеп-шотынан 420 мың теңге ақша шешіп алғаны туралы арызданды. Белгілі болғандай, сол күні азаматша танысының үйінде қонақта болған. Сол кезде оның ұялы телефонын белгісіз бір азамат уақытша сұрап алған. Сондықтанда негізгі күдікті ретінде полиция қызметкерлері аталған азаматты іздеу жұмыстарын бастап, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Балқаш қалалық полиция бөлімінің киберпол қызметкерлерімен 32 жастағы Түркістан облысының тумасы анықталды. Қыркүйек айында криминалыдқ полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-әрекеттер барысында күдікті азамат ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында күдікті арызданушыға келтірілген барлық шығындарын өтеп берді.