
Полицияға Қарағанды қаласының үш тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы хабарлаған. Соңғысы әлеуметтік желілердің бірінен Қарағанды қаласында жалға пәтер беру туралы хабарлама көрген. Жәбірленуші аталған пәтерді жалға аламын деп хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін, сол үйге келіп кірмекші болғанда ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқаны анықталған.Қарағанды облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Күдікті пәтер жалға беру туралы жалған хабарлама бергенін және алданып ақша салған жәбірленушілердің ақшаларына букмерлік мекемеде құмар ойындарға тіккені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.