
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 19 ықшам ауданда ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден Қарағанды қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция жасағы жіберілді. 76-жастағы жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына дәріхананың алдында ішінде 7 мың теңге ақша мен құжаттары бар әмиянын қолына ұстап тұрғанда, белгісіз азаматша шабыл жасап, қолындағы заттарын тартып әкеткені туралы баяндады. Зейнеткер тәртіп сақшылары күдіктінің жасы шамамен 25-30 жас аралығында екенін айтып, ерекше белгілерін сипаттап берді. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел –іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 29 жастағы азаматша ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.