Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қайтыс болған әріптесінің ұлын- 1-сынып оқушысын мектепке алып барды.

Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары қайтыс болған әріптесінің  ұлын- 1-сынып   оқушысын мектепке алып барды.

Қарағанды ​​қаласының ПБ жол-патрульдік полиция полкінің инспекторы қызметін атқарып жүріп жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полиция аға сержанты Мұрсалы Сыздықовтың ұлы Дінмұхаммед  1-ші қыркүйекте Қарағанды қаласы № 27 мектептің 1-сыныбына барды. Баланы мектепке марқұм полицейдің әріптесі – Қарағанды ​​қаласы ПБ бастығының орынбасары Алмас Жаппаров алып келді. Қайғылы оқиға 2017 жылдың 22 қаңтарында болған. Патруль қызметкерлері мас жүргізушінің басқаруымен көлікті тоқтатқан. Соңғысы қашып кетпек болған, бірақ аға сержант М. Сыздыков кабинаға секіріп үлгерген. Ол қаскөйді тоқтатуға көндіре бастады, бірақ ол қозғалысын жалғастырды және қаладан шығып, басқаруды жоғалтып, көпірден ұшып кетті. Полицей оқиға орнында көз жұмды.Мұрсалы Сыздықов үлгілі қызметі үшін Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Қарағанды ​​облысы әкімдігінің бірқатар көтермелеулеріне ие болды. Оның артында 6 жасар қызы мен сол кезде сегіз айлық ұлы қалды. Қазір бала жеті жаста және оның өмірінде маңызды сәт келді - білім алуға алғашқы қадам жасау.Мектепте Алмас Жаппаров Дінмұхаммедті бірінші сынып жетекшісіне тапсырды. Жаңа білім мен жетістіктерге ұмтылатын бірінші сынып оқушысына оқуда сәттілік тіледі.